Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктен несие алған теміртаулық қарызын қайтармас үшін ерекше айла ойлап тапқан

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Теміртауда зейнеткер несие төлемеу үшін алаяқтық туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 17 қаңтарда Теміртау қаласының 64 жастағы тұрғыны Старгород полиция бөліміне жүгінген.

Ол әлдекімнің өз атына банктен несие рәсімдегенін айтқан. Қарыз сомасы 500 мың теңгені құраған. Тіпті, зейнеткер полицияға мұны кім істеуі мүмкін екенін де хабарлапты.

Дегенмен, ақпаратты тексергеннен кейін күдіктінің аталған несиеге еш қатысы жоқ екені белгілі болған. Одан бөлек, тәртіп сақшылары банктегі несиені арыз берушінің өзі рәсімдегенін, осылайша, қарызды қайтармас үшін құқық қорғау органы қызметкерлерін шатастырмақ болғанын анықтады.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Содан кейін іс бойынша нақты шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952021-bankten-nesie-algan-temirtaulyq-qaryzyn-qaitarmas-usin-erekse-aila-oilap-tapqan/

pixel