Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаңтарда балық аулаймыз": Жаңақорған тұрғындары жаңбыр суында қайықпен жүзе бастады

Опубликовано:

Жаңақорған
фото: instagram.com/kyzylordatoday

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында толассыз жауған жаңбыр суы көшелерді басып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі күн қатарынан жауған жаңбыр суы ауыл көшелерін басып, тұрғындардың еркін жүруіне кедергі келтіруде.

Ал асфальт пен көшелерді басқан жаңбыр суына қарсы жергілікті халықтың қауқары жоқ. Олар бар болғаны әлеуметтік желіде бөлісіп, кейбіреулері жасанды көлшіктерден "балық аулауға" кіріскен.

"Бұл Жаңақорған кенті, 2022 жылдың 19 қаңтары. Біз "балық аулауға" кірістік. Бұл Абай көшесіндегі жағдай", - деген тұрғынның қайықтағы видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралуда.

"Жылдың қай мезгілінде жаңбыр жауса да, дәл осы күйге түсеміз. Ауылды осылай су басып қалады. Жылда болатын жағдайдың алдын алып немесе жаңбырдан кейін тазалауға кіріскен жергілікті билік өкілдерін көрмедік. Су әбден жерге сіңіп, ауаға тарап кеткенше, осылай жатады", - дейді есімін атамауды өтінген аудан тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952026-qantarda-balyq-aulaimyz-zanaqorgan-turgyndary-zanbyr-suynda-qaiyqpen-zuze-bastady/

pixel