Қызылорда облысында блокбекеттер алынып тасталды (видео)
Опубликовано:

Кеше Қызылорда облысындағы блокбекеттер алынды. Бұндай ақпаратты қорғаныс министрлігі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында таратты.
"Төтенше жағдай режимі жарияланған алғашқы күннен бастап әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері Қызылорданың блок-бекеттерінде бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету міндеттерін атқарды.
Блок бекеттер алынып, Қарулы Күштердің бөлімшелері де тұрақты орналасқан пунктіне оралды", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бүгін, 19 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимі аяқталды.
Алайда Алматы қаласы мен Алматы облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952038-qyzylorda-oblysynda-blokbeketter-alynyp-tastaldy-video/