Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Жеке үйлерге қарулы шабуыл жасаған топ ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздік кезінде жеке үйлерге қарулы шабуыл жасаған топты құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Топтың құрамында 29 бен 36 жас аралығындағы Алматы облысының төрт тұрғыны бар.

Олардың екеуі бұрын сотталған.

Бұған қатысты Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев пікір білдірді.

Оның сөзінше, қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ер адамдар жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасап, олардың қаруларын тартып алған.

"Бұдан әрі олар бірнеше жеке үйге қарақшылық шабуыл жасап, зардап шеккендерді автоматпен және басқа да атыс қаруымен қорқытып, жеке мүлік пен екі автокөлікті иемденген. Күдіктілер қамауға алынды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстарды ашуға қаланың криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көмектесті, – деді Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952043-almatydagy-tartipsizdikter-kezinde-zeke-uilerge-qaruly-sabuyl-zasagan-top-ustaldy-video/