Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа утилизациялық алымның қай уақытқа дейін бекітілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде жаңа утилизациялық алым ақпан айының соңына дейін бекітіледі. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 11 қаңтарда мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде "ӨКМ Операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Осы тапсырманы орындау шеңберінде 2022 жылы 18 қаңтарда үкіметі "Қазақстан республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады.

"Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде "Жасыл даму" акционерлік қоғамы айқындалды. "ӨКМ Операторының" кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды.
Бүгінгі күні тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, "Жасыл даму" акционерлік қоғамының балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және тағы басқалары бойынша шаралар қабылдауда", - делінген хабарламада.

Акционерлік қоғам экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын ұйым болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.

"Бұл мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады. Жоғарыда көрсетілген жұмыс тобының қызмет нәтижелері туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952045-qazaqstanda-zana-utilizaciyalyq-alymnyn-qai-uaqytqa-deiin-bekitiletini-belgili-boldy/

pixel