Бір өңірден басқасы "қызыл" аймақта: Денсаулық сақтау министрлігі соңғы деректерді ұсынды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Түркістан облысы;
  • "жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Қазақстанда тағы 15 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың бес мыңнан астамы Нұр-Сұлтан қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952047-bir-onirden-basqasy-qyzyl-aimaqta-densaulyq-saqtau-ministrligi-songy-derekterdi-usyndy/

jitsu gif