Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Берілуді талап етті": Таймерденов Алматының полиция департаментіне жасалған шабуыл туралы айтты

Опубликовано:

Алматы қалалық ПД басшысы
Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы жаппай тәртіпсіздік кезінде ведомство ғимаратына лаңкестердің қалай шабуыл жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

"15 қаңтар күні кешке алаңда болған кейбір содырлардың жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери қару-жарақ алғаны туралы жедел ақпарат түсе бастады. Олардың өз қарулары болғанын да жоққа шығармаймын. Шамамен осы уақытта, қаруланған және дайындығы бар бірнеше топтың департаменттің әкімшілік ғимараты мен қаланың әр жеріндегі полиция басқармаларына шабуыл жасауға ниеті бар екендігі жедел ақпарат көздерінен белгілі болды. Олардың мақсаты қару-жарақ арсеналдарын басып алу еді. Бұл туралы бірден ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевқа хабарланды", – деді Қанат Таймерденов.

Оның сөзінше, кешкі сағат жетілер шамасында қарулы адамдар полиция ғимаратының алдына жинала бастаған.

Ведомство басшысы бастапқыда лаңкестер тарапынан қорқытулар, берілуді талап еткен ұрандар болғанын жасырмады.

"Біз берілуден бас тартқаннан кейін, шабуыл әрекеттері басталды. Түнде бір ғана департамент ғимаратына 27 шабуыл жасалғанын айтып өттік. Таңға жуық бізге көмек керек болды. Түнгі үш-төрт шамасында бізде оқ-дәрілер таусыла бастады. Біз бұл туралы министрге хабарлағанымызда, ол Ұлттық ұланға бұйрық беріп, броньдалған арнайы көлікпен бізге қарай кіріп, оқ-дәрілерді жеткізіп үлгерді. Ол кезде біз мұның қаншалықты тез аяқталатынын түсінбедік", – деді Қанат Таймерденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952081-beriludi-talap-etti-taimerdenov-almatynyn-policiya-departamentine-zasalgan-sabuyl-turaly-aitty/

pixel