Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар халқы пәтер сатып әперген әйел бір күннен кейін қайтыс болды

Опубликовано:

Әйел
Фото: tumba.kz: UGC

Павлодарда үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана, 33 жастағы Анастасия Ставкова қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай, ол балаларымен және зейнеткер анасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрған. Бірақ оның ақысын төлей алмаған: ақша ештеңеге жетпеген.   

Әйел тұрғын үй кезегінде 10 жыл тұрыпты, бірақ содан бері бір баспана бұйырмаған.

Анастасияның мүшкіл жағдайын білген жанашыр павлодарлықтар үш күнде 17,5 миллион теңге жинады. Бұл ақша әйелдің балаларына үш бөлмелі пәтер алуға жетті, олар енді әжесімен бірге тұрады.

Пәтер 19 қаңтарда сатып алынды, ал келесі күні қатерлі ісікке шалдыққан Анастасия қайтыс болды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952085-pavlodar-xalqy-pater-satyp-apergen-aiel-bir-kunnen-keiin-qaitys-boldy/

pixel