Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда халықаралық іздеуде жүрген ер адам 18 жылдан кейін ұсталды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам 18 жылдан кейін ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының 59 жастағы азаматы 2003 жылдың шілде айында Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деп күдіктеліп отыр.

Бұл ақпаратты Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған.

Оның үстінен Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, “ешқайда кетпеу туралы қолхат” алынғаны белгілі болды.

Алайда ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Сол уақыттан бері ол Павлодар қаласында тұрған.

Ер адамның мемлекетаралық іздеуде екендігін жедел уәкілдер ресейлік әріптестерінен білдік, дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952088-pavlodarda-xalyqaralyq-izdeude-zurgen-er-adam-18-zyldan-keiin-ustaldy/

pixel