Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа метро бекеттері қашан іске қосылады

Опубликовано:

Метро
Фото: metroalmaty.kz

Алматы әкімі "Сарыарқа" және "Момышұлы" метро станциялары қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бірінші тоқсанның соңына дейін "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станцияларын іске қосамыз. Қалқаман станциясының құрылысы жалғасады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" метро станцияларының техникалық ашылуы өткен еді.

Бұл станциялар қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында орналасқан, пайдалануға беру кезінде жолаушылар ағыны күніне 40 мың адамнан 86 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Осылайша, жалпы қаланың көше-жол желісі мен көлік инфрақұрылымының жүктемесін бірнеше есе азайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952112-almatyda-zana-metro-beketteri-qasan-iske-qosylady/

pixel