Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаңтар трагедиясында көз жұмғандар құрметіне пантеон салынады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бақытжан Сағынтаев қалалық штаб отырысында Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған пантеон салынатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақында қаңтар оқиғаларына арналған пантеонның эскизін дайындауға арналған ашық сәулет байқауы жарияланады", - деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев жиын барысында "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станциялары қашан пайдалануға берілетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі 5 қаңтар күні қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде кенеттен жарақат алып, қайтыс болған көпбалалы ананың отбасымен кездескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952120-almatyda-qaraly-qantarda-koz-zumgandardyn-qurmetine-panteon-salynady/

pixel