Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов қызметінен босатылды
Опубликовано:
Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов қызметінен босатылды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген құжат мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған еді.
Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған министр Руслан Жақсылықовты таныстырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1952125-qorganys-ministrinin-orynbasary-daryn-tuyaqov-qyzmetinen-bosatyldy/