Алматы трагедиясы: Зардап шеккен дәрігерлерге, полицейлер мен өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді
Опубликовано:

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімнің сөзінше, зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі.
"Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандар 2 миллион теңге, орташа жарақат алғандар - 1 миллион, жеңіл жарақат алғандар - 500 мың теңге алады", - дейді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев қалалық штаб отырысында Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған пантеон салынатынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952146-almaty-tragediyasy-zardap-sekken-darigerlerge-policeiler-men-ort-sondirusilerge-2-mln-tengege-deiin-beriledi/