Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Абай даңғылынан жоғары салынатын ғимараттардың биіктігіне шектеу қойылады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша актив отырысында қалада Абай даңғылынан жоғары салынатын жаңа ғимараттардың биіктігіне, қабат санына шектеу қойылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сағынтаевтың сөзінше, қала тұрғындары жаңа тұрғын үй кешендерін салу, сондай-ақ апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін жиі талқылайды.

"Осыған байланысты мен тау бөктерінде аз қабатты тұрғын үйлердің құрылысына тыйым салу туралы шешім қабылдап отырмын. Тозығы жеткен тұрғын үй қорын қайта жаңғырту бағдарламасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - дейді ол.

Сондай-ақ, Сағынтаев Абайдан жоғары әл-Фараби даңғылы мен Жандосов көшесіне дейінгі, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аумақта тұрғын үй ғимараттарының биіктігін шектеуді тапсырды.

Тапсырмаларды орындау бойынша міндеттер Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевқа жүктелді.

Алматы қаласы әкімдігінің қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қазіргі уақытта Абай даңғылынан жоғары салынатын ғимараттардың биіктігін шектеу жобасы әзірленіп жатқанын атап өтті.

Ведомствоның хабарлауынша, Шығыс айналма жолының оңтүстігі, әл-Фараби даңғылы, Саин даңғылы, Жандосов көшесі (Саин даңғылынан қала шекарасына дейін) аумағында ғимараттардың биіктігі үш қабаттан аспауы керек.

"Ғимараттардың биіктігі үш қабаттан яғни ең жоғары биіктігі 12 метрден аспауы тиіс. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, туризм және мәдениет саласындағы халықаралық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына қатысты емес", - деп түсіндірді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952168-almatyda-abai-dangylynan-zogary-salynatyn-gimarattardyn-biiktigine-sekteu-qoiylady/

pixel