Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың несиесі кешіріледі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев ОКҚ-да өткен брифингте елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың несиесі кешірілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Терентьев берілген тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің несиесі есептен шығарылатынын атап өтті.

"Дәл осындай жұмысты агенттік тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан азаматтық тұлғалардың тізімі бойынша да жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл жұмыс басталып кетті", - дейді ол.

Терентьевтің сөзінше, әзірге азаматтық тұлғалардан арыз түспеген.

"Тізім сұралды, агенттік бұл бағыт бойынша жұмысты қаржы институттармен бірлесіп атқарады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952200-qantardagy-tartipsizdikte-qaza-tapqan-qazaqstandyqtardyn-nesiesi-kesiriledi/

pixel