Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрермендер көзайымына айналды": Президент Төлеубек Аралбайдың туыстарына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев актер Төлеубек Аралбайдың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбайдың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермендер көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттың жолын ашты.

Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төлеубек Аралбайдың 72 жасқа қараған шағында өмірден өткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952201-prezident-qazaqstannyn-enbek-sinirgen-artisi-toleubek-aralbaidyn-tuystaryna-konil-aitty/

pixel