Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнеске келтірілген шығын қашаннан бастап өтелетіні белгілі болды

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия шағын және орта бизнес өкілдеріне келтірілген шығынды өтеу тетігін бекітті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ведомствоның мәліметінше, үкімет резервінің қаражаты кәсіпкерлік субъектілерге төлем жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

Жылжымайтын, жылжымалы мүлік бойынша, сондай-ақ жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша келтірілген залал өтеледі.

Зақым келген жылжымайтын мүліктің орнын толтыру бекітілген сметалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.

Бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу әкімдік немесе "Күшіміз бірлікте" зардап шеккен бизнесті қолдау қоры айқындайтын бағалау және аудиторлық компаниялар дайындаған бағаға сәйкес жүргізіледі.

Жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша өтеу сомасы растайтын құжаттар негізінде, ал ол болмаған жағдайда кәсіпкерлік субъектінің 2021 жылғы орташа айлық айналымы түрінде айқындалады.

Жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін InfoKazakhstan.kz платформасында тиісті өтініш беру керек.

Залалды бағалауды және өтелетін құнның мөлшерін айқындауды мүлікке келтірілген зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар және "Күшіміз бірлікте" қорының өтінімдерін қарау жөніндегі комиссиялар жүргізеді.

Кәсіпкерлердің өтініштері 5 күнтізбелік күн ішінде қаралады, мақұлданған жағдайда тиісті қаражат өтініш берушіге аударылады.

Кәсіпкерлерге биылғы ақпан айынан бастап төлем жасау жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952208-tartipsizdikter-kezinde-zardap-sekken-bizneske-keltirilgen-sygyn-qasannan-bastap-oteletini-belgili-boldy/

pixel