Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ескі көліктерді жою мақсатында қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде ескі көліктерді жою мақсатында қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл осыған дейін "Оператор РОП" атқарған қызметтердің мемлекет меншігіне өту процедурасымен байланысты, деп хабарлайды "Оператор РОП-тың" ресми сайты.

"2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап істен шыққан көлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдау бағдарламасы, сондай-ақ кәдеге жарату төлемін төлеуге және "EcoQolday" жобасы аясында субсидиялар төлеуге байланысты барлық қаржылық операциялар уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, енді ескі көлікті жою қызметін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бағынышты "Жасыл даму" акционерлік қоғамы жүргізеді.

ӨКМ мемлекеттік операторының ("Оператор РОП" - ред.) жұмысы штаттық режимде жақын арада қайта жанданады.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Оператор РОП" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952239-qazaqstanda-eskirgen-kolikterdi-zoyu-maqsatynda-qabyldau-qyzmeti-uaqytsa-toqtatyldy/

pixel