Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында Nur Otan ғимаратын өртеді деп күдіктелген азамат елордада ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысының Nur Otan партиясы Шу аудандық филиалының ғимаратын өртеді деген күдікке ілінген ер адам Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада тәртіп сақшылары жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Полицияның мәліметінше, ер адам Төле би ауылындағы NurOtan партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқандардың арасында болған.

Қылмыстық қудалаудан қашқан ол 9 қаңтарда Нұр-Cұлтан қаласына келіп, жалға алынған пәтерде тұрған.

14 қаңтардан бастап күдікті іздеуде болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Ол алдағы уақыттарда Жамбыл облысының полицейлеріне берілмек.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы Nur Otan партиясының филиалынан өрт шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952315-zambyl-oblysynda-nur-otan-gimaratyn-ortedi-dep-kudiktelgen-azamat-elordada-ustaldy/

pixel