Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайынан ақша мен мүлік ұрлаған екі ер адам Шымкентте ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы әуежайынан мүлік ұрлаған екі ер адам ұсталды. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаменті таратты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеевтің сөзінше, темір жол және әуе көлігі объектілеріндегі төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Нәтижесінде 18 қаңтар күні Шымкент қаласында екі ер адам ұсталған.

Бүлікшілер Алматы әуежайын басып алған сәтте олар билет кассаларынан, дәріханадан, дүкендер мен кафеден мүліктерді, ақшаларды қолды қылған.

Тексеру кезінде күдіктілерден заттай айғақтар табылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адамдар қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952400-almaty-auezaiynan-aqsa-men-mulik-urlagan-eki-er-adam-symkentte-ustaldy/

pixel