Білім министрлігі 2022 жылдың каникул уақытын бекітті
Жарияланған күні:
Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов 13 қаңтардағы 2022 жылы мектеп демалысының ұзақтығын бекітетін бұйрыққа қол қойды. Бұйрық НҚА ресми сайтында жарияланды.
Құжатта меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан мектептерде 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және аяқталу мерзімі көрсетілген.
2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;
бірінші сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы,
2-11 (12) сыныптарда - 34 оқу аптасы.
Бұдан басқа, онда мектеп каникулдарының мерзімдері көрсетілген:
1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникулдар – 7 күн (өткен жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы каникулдар – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылдың 16 қаңтарына дейін), көктемгі каникулдар – 12 күн (ағымдағы жылдың 19-30 наурызы аралығында);
1-сыныптарда 7 күнге (ағымдағы жылдың 7-13 ақпаны аралығында) қосымша демалыс енгізілді.
Құжат 31 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952418-bilim-ministrligi-2022-zyldyn-kanikul-uaqytyn-bekitti/