Алматы облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін 180- нен аса қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:

Қаңтар айындағы қайғылы оқиғалардан кейін Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік пен тонау фактілері бойынша 188 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында хабарланды.
" Ішкі істер органдары Алматы облысында, сондай-ақ тұтастай республика бойынша орын алған жаппай тәртіпсіздік пен тонау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіп, дәлелдемелерді жинау мен талдау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Аталған фактілер бойынша біздің өңірде 133 күдіктіге қатысты 188 қылмыстық іс қозғалды. 299 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген құқыққорғау органдарының хабарламасында.
Полиция Алматы облысының аумағында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталып отырғанын, терроризмге қарсы операция жалғасып жатқанын еске салды.
"Азаматтардан 181 атыс қаруы тәркіленді. Олардың ішінде 110 бірлігі - Макаров тапаншалары. Қаруды ұрлау және заңсыз сақтаудың барлық фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізу басталды",- деді полицияда.
Департамент қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру фактілері тіркелгенін де қоса кетті.
"Егер адам ұрлық пен тонауға қатыспаса, тәртіп сақшылары қаруды өз еркімен тапсырған кезде ақпаратты жасырын сақтауға кепілдік береді", - деп атап өтті полиция.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952443-almaty-oblysynda-zappai-tartipsizdikten-keiin-180-nen-asa-qylmystyq-is-qozgaldy/