Бейбіт митингке қатысушылар құқығын қорғауды қолға алған Абзал Құспан мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринның қабылдауында болды
Жарияланған күні:
Бейбіт митингке қатысушыларды қудаламау туралы петиция дайындаған адвокат Абзал Құспан бүгін мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен кездескенін жеткізді. Заңгер мемлекет басшысының құқық қорғау органдарына адам құқықтарын сақтау туралы берген тапсырмасының орындалу жағдайын қоғам атынан тексеретін бақылау комиссиясы құрылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Абзал Құспан бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол желіде әділдік талап етіп, араша сұраған жандарға жағымды жаңалықты бөлісті.
"Қазір ғана мемлекеттік хатшымыз Ерлан Қариннің қабылдауынан шығып келемін. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма берген. Алайда, жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, тіпті сол полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты. Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой, енді.
Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр. Қазір мен комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас Прокуратураға барамын, бастысы Ақорда қарсы емес", - деп жазды Абзал Құспан желіде.
Айта кетейік, адвокат бейбіт митингке қатысушыларға қатысты құқық қорғау органдарындағы материалдар бойынша қоғамдық комиссия құруды ұсынып, видеоүндеу де жасаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952461-beibit-mitingke-qatysusylar-quqygyn-qorgaudy-qolga-algan-abzal-quspan-memlekettik-xatsy-erlan-qarinnyn-qabyldauynda-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.