Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада екі жасар бала балабақшада соққыға жығылған

Опубликовано:

Балабақша
Көрнекі фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желіде балабақшада соққыға жығылған екі жасар баланың суреттері тарап, көпшіліктің ашуын туғызды.

Бұл жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп жазады Zakon.kz.

12 қаңтарда анасы баланы балабақшадан алып кетіп, үйінде денесінің көп жерінің көгергенін байқаған. Осыдан соң әйел бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бұл іс Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952465-elordada-eki-zasar-bala-balabaqsada-soqqyga-zygylgan/

pixel