Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі тәртіпсіздіктерден залал келген 45 мемлекеттік ғимарат жөндеуден өтеді

Опубликовано:

Алматы
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Телеграм арнасында тәртіпсіздіктер кезінде залал келген мемлекеттік органдардың 15 ғимаратына күрделі жөндеу қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов өткізген селекторлық жиында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздің 8 өңіріндегі тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар ғимараттарға, оның ішінде мемлекетке тиесілі 45 ғимаратқа залал келгенін хабарлады.

"Президенттің іс басқармасы жоспарлы түрде қалпына келтіретін президенттің Алматыдағы резиденциясын қоспағанда, қазіргі уақытта барлық мемлекеттік нысандар бойынша техникалық тексеру жүргізілді. 45 мемлекеттік нысанның 15-і күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды, қалған 30 ғимарат ағымдағы жөндеуді қажет етеді", - деді министр.

Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда 4 нысанды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалғандары бойынша сметалық және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952493-eldegi-tartipsizdikterden-zardap-sekken-45-memlekettik-gimarat-zondeuden-otedi/

pixel