Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты: Енді мегаполисте не өзгереді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббаровтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құжатта спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек "жасыл" мәртебесі бар және вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілгені жазылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70 пайызы қашықтан жұмысқа көшетіні белгілі болды.

24 қаңтардан бастап оқытудың мынадай форматтары айқындалды:

  • Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;
  • Жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):
  • 1-4 бастауыш сыныптар - штаттық форматта;
  • 600 оқушыға дейін - штаттық форматта
  • 600-ден аса оқушы болса - жүктеме 50 пайыздан аспайды;
  • Мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында, түзету кабинеттерінде - штаттық форматта;
  • Жоғары оқу орындары мен колледждерде - аралас форматта - тәжірибелік, зертханалық, семинарлар, өндірістік тәжірибе штаттық форматта, дәрістер - онлайн.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда тағы 15 169 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екі мыңнан астамы Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952497-almatynyn-bas-sanitarlyq-darigerinin-zana-qaulysy-syqty-endi-megapoliste-ne-ozgeredi/

pixel