Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген "Сергек" камералары қалпына келтірілді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

4-7 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласында 75 “Сергек” кешені (бұл 304 бейнекамера), РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шыққан.

Барлық зақымданған камералар мен жабдықтартың қалпына келтірілгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, 2022 жылы қалада орнатылған тағы 3 500 камераны ЖБО-на қосу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952498-almatyda-zappai-tartipsizdikter-kezinde-bulingen-sergek-kameralary-qalpyna-keltirildi/

pixel