Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 23-24 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

23 қаңтарда Атырау облысының батысында жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтіліп отыр.

23 қаңтарда Маңғыстау облысының аумағында және Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с баруы мүмкін.

23-24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады.

24 қаңтарда шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман күтіледі.

23 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп болжануда.

23 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952501-elimizdin-birnese-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zasaldy/

pixel