Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды

Опубликовано:

Құрылыс алаңы
Көрнекі фото: Newtimes.kz

Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай бүгін таңғы сағат 10:40 шамасында "Таугүл-1" шағынауданындағы құрылыс алаңында болған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында 49 жастағы краншы мерт болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оны Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, құрылыс "NAVOI 3.0" тұрғын үй кешенінде жүріп жатқан.

"Оқыс оқиға Әуезов ауданы Науай көшесі "NAVOI 3.0" тұрғын үй кешенінде болды. Құрылысты "Мирас констракшн" мердігер компаниясы жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай, ЖШС құрылыс краны мен краншыны "Star Rent" ЖК-дан жалға алған. 1973 жылы туған краншы Б.С.Маинов алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды", - деп нақтылады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952528-almatyda-qurylys-alanynda-kran-qulap-bir-adam-mert-boldy/

pixel