Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай қатігездікті көрмедім": Алматылық полицей тәртіпсіздік кезінде әріптесін қалай құтқарған

Опубликовано:

Ернар Әйтенов
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматылық учаскелік полиция инспекторы жаппай тәртіпсіздік кезінде көптің арасынан әріптесін қалай алып шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу аудандық полиция басқармасының УПП-79 бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ернар Әйтенов 5 қаңтар күні күндіз орын алған тәртіпсіздіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Олар таңертең Медеу аудандық ПБ басшылығының нұсқауымен қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысына жөнелтілді. Шерушілермен қиян-кескі қақтығыс кезінде күштер Сейфуллин көшесіне ығыстырылды.

Бөгенбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында полиция қызметкерін ұстап алған агрессивті ер адамдарды байқадым. Олардың үшеуі тұтқынға алынған полиция қызметкерін қиылыстың ортасына алып барып, оны тізерлетіп отырғызып қойып, қорқыту мақсатында қатты ұра бастады. Бұл әрекеттерді көргенде мен шошып кеттім, тіпті аздап есеңгіреп қалдым. Алайда ойымды тез жинақтап, әріптесіме көмектесуге ұмтылдым.

Мен оларды тарату үшін тіке жиналғандардың арасына қарай жүгірдім. Артымнан жүгіріп келе жатқан жолдастарым ұсталған қызметкерді қалқанмен жауып, алып шықты", – дейді Әйтенов.

Учаскелік инспектор құтқарылған әріптесімен бұрын таныс емес болғанын атап өтті. Оның сөзінше, қолға түскен полицей ауыр жарақат алған, қазір ем қабылдап жатыр.

"Мен бұрын-соңды мұндай қатігездікті көрген емеспін, адамдардың мұндай әрекеттері менің көңілімді қалдырды, бірақ әскери міндет пен ант бәрінен жоғары. Барлығы мен сияқты әрекет ететініне сенімдімін", – деп түйіндеді құқық қорғау органының қызметкері.

Ернар Әйтенов – ІІМ Алматы академиясының түлегі. Қазір ол 15 мың тұрғыны бар “Самал” ықшамауданында тәртіпті сақтауда.  Инспектор бұл қиын-қыстау күндері ата-анасының өзі үшін қатты алаңдағанын айтты. Ернар – отбасындағы жалғыз бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952532-mundai-qatigezdikti-kormedim-almatylyq-policei-tartipsizdik-kezinde-ariptesin-qalai-qutqargan/

pixel