Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

аяз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, 24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында 24 қаңтар түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 24 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде 24 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қаласында 24 қаңтарда тұман күтіледі.

24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 25-26 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24 қаңтарда облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында 24-26 қаңтарда тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952549-qazaqstannyn-alty-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel