Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды қайдан іздеуге болады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарды қайдан іздеуге болатынын айтты. Рустам Абдрахмановтың сөзінше, арнайы call-орталық жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұтқындалғандар туралы ақпаратты алматылықтар 8 (727) 290-19-01 нөмірі бойынша біле алады.

"Сіз сall-орталыққа қоңырау шалып тергеу изоляторларындағы адамдар және өзге мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін ішкі істер министрлігі полицейлердің әрекеттеріне қатысты шағымдарды қабылдайтын call-орталықтардың нөмірлерін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952561-almatyda-zappai-tartipsizdikter-kezinde-ustalgandardy-qaidan-izdeuge-bolady/

pixel