Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pxhere.com

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасы бұның себебін айтты.

"24 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты І ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі", - ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігі 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдары дәстүрлі офлайн форматта жұмыс істейтінін жазған болатын.

Министрлік мәлімедесіне сәйкес, мұндай шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952568-bugin-nur-sultan-qalasynda-bastauys-synyp-oqusylaryna-sabaq-bolmaidy/

pixel