Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Түркістан облысы ғана "сары" аймақта

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылғы 24 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Түркістан облысы;
  • "жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Қазақстанда тағы 11 340 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952579-koronavirus-turkistan-oblysy-gana-sary-aimaqta/

pixel