Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық тиктокер жасаған ерсі әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады

Опубликовано:

Тик ток
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo

Жағалаудағы жәшікті төменге қарай лақтырған павлодарлық тиктокер кешірім сұрады. Видеоны қала әкімі Асайын Байханов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, жасөспірімнің жасаған әрекеті түсірілген видеоны желі қолданушылары қала әкімі Асайын Байхановқа Direct-ке жіберген.

Кадрдан бұзақының жағалауда орнатылған жәшікті лақтырып жібергенін байқауға болады.

Бұған қатысты қала әкімі пікір білдіріп, тиктокердің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

"Қалалық полиция басқармасы жағалаудағы қоқыс жәшігін лақтырған жас жігітті анықтады. Әкімшілік сотта қоғамдық жұмыстарға тартуды талап етеміз", - деді Асайын Байханов.

Әкімнің сөзінше, бұзақылық жасаған кәмелетке толмаған бала болып шыққан.

Бүлінген жәшік түсірілген видеоны ол TikTok желісінде жариялапты.

Кейінірек жасөспірімнің кешірім сұраған видеосы тарады.

Онда желі қолданушысы "бұдан былай қайталанбайды" деп уәде берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952582-pavlodarlyq-tiktoker-zasagan-ersi-areketi-usin-kopsilikten-kesirim-surady/

pixel