Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі 9 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"2022 жылғы 24 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 9 126 541 адам, II компонентін 8 690 027 адам салдырды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 24 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялаған едік.

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Түркістан облысы;
  • "жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952588-elimizde-qansa-adam-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy/