Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік: Коронавирус жұқтырған 386 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар туралы ақпарат ұсынды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қауіпті дертке шалдыққан 386 адамның жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 24 қаңтарда 152 058 адам коронавирус инфекциясынан (–150 559 КВИ+ және 1 459 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 10 107 пациент стационарда, 141 951 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 386 адамның жағдайы ауыр, 124 пациенттің жағдайы өте ауыр, 71 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 24 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялаған едік.

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Түркістан облысы;
  • "жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952597-ministrlik-koronavirus-zuqtyrgan-386-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel