“Тендер ұтып алып беремін”: Түркістандық полицейлер алаяқ әйелді ұстады

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістандық тәртіп сақшылары алаяқ әйелді ұстады. Төлеби аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғанын жеткізген деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, 2021 жылдың наурыз айында алыс танысы "тендер беремін" деген сынды түрлі сендіретін сөздермен 5 миллион теңгесін алған.

Алайда бір жылға жуық уақыт аралығында әр алуан сылтаулар айтқан танысы не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамайды.

Тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, ПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа тағы бір азаматтың 1 миллион теңгесін алып, сан соқтырып кеткенін растады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда орта жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952612-tender-utyp-alyp-beremin-turkistandyq-policeiler-alayaq-aieldi-ustady/