Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Антикор" іздеуде жүрген екі күдікті азаматтың суретін жариялады

Опубликовано:

іздеудегі күдікті азаматтар
Фото: instagram.com/anticorruption.almatyoblysy

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті екі азаматқа іздеу салды. Олардың фотосы көрсетілген тиісті ақпарат департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, 1989 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында туған Кудрат Розахуновқа іздеу жарияланды. Ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Сондай-ақ, Алматы облысы Ескелді ауданының тумасы, 10.07.1968 жылы туған Жанғазы Байбеков те іздеуде. Айырмашылық белгілері: ернінің үстінде тыртық бар. Алдын алу шарасы – қамауға алу.

"Іздеуде жүрген күдіктілердің қайда екені анықталған болса немесе болуы мүмкін деген ықтимал ақпарат алған жағдайда, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне, мына телефондарға хабарлауыңызды сұраймыз: 8 (7282) 24-70-13, 24-76 -23 (кезекші бөлім, тәулік бойы), 8 775 212 19 91", - деп атап өтті облыстық "Антикор".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952625-antikor-izdeude-zurgen-eki-kudikti-azamattyn-suretin-zariyalady/

pixel