jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен бала қалай құтқарылды (видео)

бала
Оқиға орнынан фото: Түркістан облыстық ТЖД

Түркістан облысының құтқарушылары дәретхана шұңқырына құлап кеткен баланы аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

23 қаңтар күні "112" қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елдімекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

"Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен медициналық жедел жәрдемнің 3 маманы жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы арқанның көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен бала қалай құтқарылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.