Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутатқа желіде тіл тигізген ақтөбелік азамат 100 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Опубликовано:

смартфон
Көрнекі фото: pixabay.com

Facebook желісінде депутатқа тіл тигізген ақтөбелік азамат оған 100 мың теңге төлейтін болды. Айыппұл арқалаған желі қолданушысы бұрын депутатпен бір колледжде қызмет еткен, деп жазады Diapazon.kz.

Басылымның хабарлауынша, барлығы білім бөлімінің Facebook желісіндегі жазбасынан басталған. Онда ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Амангелді Есіркеповтің (облыстық мәслихат депутаты) 2021 жылы жазда салтанатты түрде зейнетке шыққаны айтылады. Желі қолданушыларының бірі жазбаға депутаттың шамына тиетін пікір қалдырған. Ренжіген депутат пікір авторының үстінен шағым түсірді.

Айыпталушы - ауыл шаруашылығы колледжінің бұрынғы оқытушысы, бұрын оны Есіркепов прокурордың қаулысымен жұмыстан шығарған. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамай, "Facebook-те" оны балағаттамағанын, ол жерде аккаунты жоқ екенін алға тартқан.

Алайда істі қараған сот оның іс жүзінде аккаунты барын, оның жазған пікірлерінде психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша әдепсіз және қорлайтын сөздер бар екенін анықтады.

Сот колледждің бұрынғы оқытушысын депутатқа тіл тигізгені үшін 50 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды, бірақ рақымшылыққа байланысты оны бұл жазадан босатты. Айыпталушы Амангелді Есіркеповке моральдық шығын келтіргені үшін 100 мың теңге және бұл іс бойынша адвокаттың еңбегі үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952683-deputatqa-zelide-til-tigizgen-aqtobelik-azamat-100-myn-tenge-aiyppul-toleitin-boldy/

pixel