Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне келді

Опубликовано:

Арыстанғани Заппаров
Фото: gov.kz

Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Алматы облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол осыған дейін ішкі істер министірінің орынбасары болған еді. Бүгін ол қызметінен босатылып, оның орнына Ержан Сәденов келді.

Арыстанғани Расылханұлы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі академиясының заң институтын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Орта және жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергілікті бөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары Алматы облысы полиция департаменті Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасын, Ақмола облысы полиция департаменті Степнагорск қаласы полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады. 2019 жылы сәуір айында Қызылорда облысы полиция департаментіне басшы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952685-arystangani-zapparov-almaty-oblysy-policiya-departamentinin-bastygy-qyzmetine-keldi/

pixel