Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл қазақстандық студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі

Опубликовано:

Студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Осы жылы қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Telegram парақшасында мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі.

Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардыкі 15 пайызға артады.

Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскен (15 және 20 пайыз) еді.

"Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден аса, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды.

Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі", - дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952700-biyl-qazaqstandyq-studentterdin-sakirtaqysy-osedi/

pixel