Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" және "Баспана хит" ипотекасы бойынша төлем мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

"7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламалары бойынша 90 күнге дейін төлемді кейінге қалдыру ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ басқармасына сілтеме жасап.

"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ Басқармасының шешімімен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру шеңберінде "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламаларының клиенттеріне айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемей, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 90 күнге дейін төлемді кейінге қалдыру ұсынылды", - делінген хабарламада.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі бекітілген.

Басқарма осы тәртіпке сәйкес, банктер төлемдерді 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды ұсынғанын атап өтті.

"Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихына әсер етпейді. Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке еркін түрде өтініш білдіру керек.

Өтініш электрондық поштаның, "банк-клиент" онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның және басқа да байланыс құралдарының көмегімен немесе қарыз алушы банк бөлімшесіне өзі келіп бере алады. Өтініштерді қарастыру мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады", - деп қосты "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1952714-7-20-25-zane-baspana-xit-ipotekasy-boiynsa-tolem-merzimi-90-kunge-deiin-uzartyldy/

pixel