Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, қашып кеткен ер адам қолға түсті

Опубликовано:

кісен1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілініп, кейін ауруханадан қашып кеткен азамат ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 23 қаңтар күні таңғы сағат 7.45 шамасында Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасынан тергеуге алу үшін тұтқындалған күдікті қашып кеткен.

Ол азаматтық некедегі әйелін өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген. Оны іздеу жұмыстарына полицияның кешенді күші жұмылдырылған.

Қозғалыс бағыты бойынша притондар, салынып жатқан нысандар қаралып, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілген.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні 5 қабатты үйлердің бірінің жертөлесінен тапты. Қазіргі уақытта ол полицияға жеткізілді, енді ҚАЖД қызметкерлеріне беріледі", - дейді өңірлік полиция департаментінен.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады дген күдікке ілінген азаматтың ауруханадан қашып кеткені хабарланған еді.

Ол тергеу изоляторынан ем қабылдау үшін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952719-aqtobede-auruxanadan-qasyp-ketken-kudikti-ustaldy/

pixel