Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әкімдіктен техника ұрлады деп күдікке ілінген азаматтар ұсталды

Опубликовано:

Тоңазытқыш
Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Талдықорғанның үш тұрғынынан Алматы облысының әкімдігінен ұрланған тоңазытқыштар, кондиционерлер, жиһаз, сондай-ақ түрлі тұрмыстық техника тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство техникалар әкімдік ғимаратынан 5-7 қаңтар күндері жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланғанын атап өтті.

Ал осы заттарды ұрлады деген күдікпен 24, 37 және 41 жастағы үш азамат ұсталған. Оларды экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорғанның үш тұрғыны анықталды, олардың тұрғылықты жерінен екі тоңазытқыш, екі кондиционер, кеңсе орындығы, мультиварка, су сорғысы және басқа да ұрланған заттар табылды.

Қазір мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр", - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Күдіктілер қамауға алынған. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тоңазытқыш
Фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952728-almaty-oblysynda-akimdikten-texnika-urlady-dep-kudikke-ilingen-azamattar-ustaldy/

pixel