Алдағы 3 күнде елімізде күн жылынады деп күтілуде
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, жауын-шашын, қар, екпінді жел, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын күтіледі.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
27 қаңтарға қарай күндіз температура жоғарылап, оңтүстік аймақтарда 10 градусқа дейін жылы болады.
Ал батыс аймақтарда 8 градусқа дейін, солтүстік, орталық аймақтарда 7-ден 15 градусқа дейін шығыста 7-ден 20 градусқа дейін аяз күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952735-aldagy-3-kunde-elimizde-kun-zylynady-dep-kutilude/