Тараздық өрт сөндіруші жаппай тәртіпсіздік кезінде отқа оранған Nur Otan ғимаратын көрсетті

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/s.murtaev

Таразда №1 арнайы бөлімінің өрт сөндіруші - құтқарушысы қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Nur Otan партиясы филиалының ғимаратындағы өртті қалай сөндіргенін көрсетті. Кадрлар оның Instagram парақшасында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамбыл облыстық ТЖД Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде шыққан өрттің барлығы сөндірілген, өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін айта кетті.

Қаңтар оқиғалары кезінде облыс аумағында 7 нысан өртенген. Ол - облыс әкімдігі, Nur Otan партиясының екі ғимараты, полицияның төрт ғимараты.

Өрт сөндіруге жалпы алғанда 98 адам мен 28 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, осыған дейін Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері гараж кооперативтерінің бірінен ұрланған қару-жарақтарды сақтаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстаған еді.

Күдікті қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағанын мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952736-tarazdyq-ort-sondirusi-zappai-tartipsizdik-kezinde-otqa-orangan-nur-otan-gimaratyn-korsetti/