Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:

Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
25-27 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түседі деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар, 25 қаңтарда Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында тұман болуы мүмкін.
25 қаңтарда Павлодар облыстың оңтүстігінде және шығысында тұман.
25 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде шығыстан жел соғуы ықтимал. Оның күші таулы аудандарда 15-20 метр секундқа жетеді деп болжануда.
Шымкент пен Түркістан қаласында да 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952745-elimizdin-birnese-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/