Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде "омикрон" штамын жұқтырудың шарықтау шегі қашан болады

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева елімізде "омикрон" штамын жұқтырудың шарықтау шегі қашан болуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Шетелдік ғалымдардың айтуынша, аурудың шарықтау шыңы 4-8 аптаға келеді.

"Яғни, қазір біз үшінші аптадан өтіп жатырмыз. Бәлкім қаңтардың аяғында, ақпанда немесе наурыздың басында байқалатын шығар", - дейді дәрігер.

Динагүл Баешева бұл жағдайда да вакциналау тақырыбы өзекті болып қала беретінін алға тартты.

"Адам вакцина салдырса, оның ағзасы вирустармен күресуге дайын болады. Тиісінше, ауруды жұқтырмауға немесе жеңіл өткеруге мүмкіндігі бар. Вирустан қорғану үшін ең алдымен, халық көп жиналатын орындарға барудың қажеті жоқ. Айталық, сауда-ойын-сауық орталықтары, әуежай, вокзалды қарасаңыздар, емізулі нәрестелері бар әйелдер өте көп. Демек ата-ананың өздері балаларына вирус жұқтыруға ықпал етеді. Кішкентай бір жасар бала сауда орталығына өз аяғымен бармайды ғой. Сондықтан, мәселеге дұрыс қарауымыз керек және жіті түсіндіруіміз керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1952748-elimizde-omikron-stammyn-zuqtyrudyn-saryqtau-segi-qasan-bolady/

pixel